• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2019

«Қазақ газ өңдеу зауытын» жаңғырту мәселесі талқылануда

937 рет
көрсетілді

Бұқаралық ақпарат құралдарында Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ін жаңғыртуға қатысты жарияланымдардың шығуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ хабарлама жасады.

«Қазіргі уақытта ҚазГӨЗ-ді жаңғырту мәселесі талқылануда. ҚМГ аталған зауытты жаңғыртудың жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қаржыландырудың қажетті көлемін анықтауда.

Осыған байланысты, 2019-2022 жылдары ҚазГӨЗ-ді жаңғырту шеңберінде 107,2 млрд теңге бөлінетіні туралы деректер тексерілмеген және дәйексіз болып табылады.

ҚазГӨЗ-ді жаңғырту жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат қосымша хабарланатын болады» делінген хабраламада.

Маңғыстау облысы