• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 13 Маусым, 2019

С. Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

973 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 13 маусымдағы № 10 жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі болып Серікбай Өтелгенұлы Трұмов тағайындалды. Серікбай Трұмовты облыс активіне Президент Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды.

Серікбай Трұмов 1964 жылы маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтты инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы «Мангышлаксельстрой-12» трестінің №1206 учаскесінде бетонщик қызметінен бастаған. 1983-1985 жылдары әскери міндетін өтеді. 1985- 1986 жылдар аралығында - бетонщик, «Мангышлаксельстрой-12» тресінің №1206 учаскесінің жүргізушісі болып еңбек етті. 1986-1990 жылдары – «Мангышлаксельстрой-12» трестінің құрылыс механизациясы мен көлік басқармасының жүргізушісі қызметтерін атқарды. 1994 жылы Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласының ОӨК автокөлікті жабдықтау бойынша оқытушы болып еңбек етті. 1994- 1995 жылдары – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы. 1995 -2004 жылдары – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, директоры қызметтерін атқарды. 2004-2006 жылдары - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары  - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2008-2012 жылдары - Түпқараған ауданының әкімі. 2012 жылдың ақпан айынан 2015 жылға дейін -Жаңаөзен қаласының әкімі. 2015 жылдың шілде айынан бастап 2017 жылдың қазанына дейін Ақтау қаласының әкімі болып қызмет етті. 2017 жылдың қарашасынан бері Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.