• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2019

Жас қозғалыс инспекторлары республикалық слетке дайындалуда

709 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері білім басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып, білім-инновация интернат-лицейі базасында облыстық 19-шы «Қозғалыстың жас инспекторы» слетін өткізді.

Слеттің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың жол-көлік жарақатының проблемаларына мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару жөніндегі жұмысты жетілдіру.

Облыста қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаз – балаларының қатысуымен осындай іс-шаралар жыл сайын 2001 жылдан бастап өткізіледі. Биыл облыстық слетке 7 команда (10 баладан) қатысты, бұл екі қала – Ақтау және Жаңаөзен, сондай-ақ облыстың 5 ауданы.

Слет бағдарламасында сап байқауы, жас реттеушілер, Жол жүру ережелерінің білгірлері, эрудиттер турнирі, жас санитарлар, үгіт бригадаларының конкурсы, балалар жол жүру ережелері бойынша өз білімдерін көрсете отырып, велосипедті мәнерлеп жүргізу, ЖКО кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету білігі, жол қиылысындағы қозғалысты реттеу, велосипедті мәнерлеп жүргізу және сапқа тұру дағдылары бойынша сайыстар болды.

Тартысты күрес нәтижесінде 19-шы облыстық Қозғалыстың жас инспекторларының слетінің жеңімпазы Түпқараған ауданы М.Горький атындағы лицейі мектебінің оқушылары «Барыс» ҚЖИ тобы болды. Екінші орынды Жаңаөзен қаласының №3 орта мектебінің «Светофор» ҚЖИ тобы жеңіп алды және үшінші орынды Ақтау қаласының № 22 орта мектебінің «Жас қыран» ҚЖИ тобы иеленді.

Түпқараған ауданының ҚЖИ командасы тамыз айында Қарағанды облысында өтетін Республикалық слетте біздің облысты таныстырады.