• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев: Наразылықтар әлеуметтік жағдайға байланысты туындады

731 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EURONEWS тілшісінің елде болып жатқан келеңсіздіктерге байланысты сұрақтарына жауап берді.

«Демонстранттарға келетін болсақ, олар шынымен наразылықтарын білдіріп, көшеге шықты. Қазіргі кезде олардың талап-тілектерін анықтап, сараптамадан өткізіп жатырмыз. Негізінен наразылықтар әлеуметтік жағдайға байланысты туындады, олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық жағдайларын шешуді талап етіп отыр. Мен мұндай мәселелерді жоққа шығармаймын, олар бар. Билік олардың мәселесін естіді, енді шешу үшін жұмыс істейміз",-деді. 

Сонымен қатар, ел Президенті  полиция қызметкерлері арасында жазықсыз ұсталғандар бар екенін естігенін де айтты. "Менің естуімше, ұсталғандардың арасында жазықсыздар бар. Яғни, сол маңға кездейсоқ тап болып, қоғамдық қауіпсіздікке ешқандай зиян келтірмеген жандар. Әрине мұндай келеңсіздіктер үшін кешірім өтінеміз, оған қоса оларды жылдам босататын боламыз. Бұл мәселе тез арада шешімін табатын болады», деді Қ. Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау әділетсіз өтті деп есептеген адамдардың да босатылатынын айтты.

«Әрине, олар босатылады. Өйткені, бұл олардың ойы, пікірі. Дегенмен мен сайлау әділ өтті деген ойдамын», деді Мемлекет басшысы.