Бүгін Шымкентте бокстан жастар арасында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мырзағали Айтжановтың жүлдесі үшін бірінші республикалық турнир басталды.
Турнирге 9 командадан 150 былғары қолғап шебері қатысып жатыр. Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал, Шымкент пен Түркістаннан келген спортшылар жүлделер үшін талас жүргізеді.
Турнир маусымның 16-да аяқталмақ.