• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2010

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ НЕГІЗІ

1176 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды тарихи оқиға болып табылады. Өйткені, Жолдау аясында көрсетілген мәселелер мемлекеттің бағытын айқындап, еліміздің әлеуметтік-саяси жағдайын сипаттайды. Елбасы Жолдауында аталатын әр сөздің мақсаты екі негізгі міндетті атқарады. Біріншіден, Жолдау алдағы күн­дер­ге қойылған мемлекет саясаты­ның негізгі бағыттарын айқын­дай­ды. Елбасының Жолдауы мем­ле­кеттік органдардың тұрғындармен байланыс қызметінің келісілген демократиялық көзі болып саналады және ол – кері байланыстың негізгі көзі. Жолдаудың барлық мазмұны қоғам мүшелері үшін айдан анық, ашық. Барлық басым бағыттар, міндеттер мен мақсаттар мемлекеттік органдар, тұр­ғын­дар, сарапшылар мен ғалымдар үшін транспарентті құбылыс. Екіншіден, Жолдау мемлекеттік орган қызметін қорытындылаудың құжаты секіл­ді. Елбасы жыл сайын өз Жолдауын ар­на­ғанда болашаққа деген міндеттермен қа­тар, атқарылған жұмыстардың қорытын­ды­ларын айшықтайды, жетістіктерді аша түсіп, мардымсыз жүріп жатқан мәселе­лер­ді шешу жайын түсін­ді­реді. Сон­дықтан қазақстан­дық­тар қан­дай нәтижелерге жеткенімізді бағалап, про­грес­тің бар еке­нін анықтай түседі. Елбасының әр жылғы Жолдауы тарихи маңызы мол күрделі құжат және әрқай­сы­сының жүгі бөлек екені бел­гілі. Соңғы Жолдау – алыс­ты болжап қана қоймай, қазір­гі күндегі дағдарыстан кейінгі кезеңде халықты жұмылдырып, басын бірік­тіре­тін, қиындықтан шығу­дың жолдарын нақты айқындайтын бағ­дарлама. Биылғы Жолдау жаңа онжыл­дық­қа арналған стратегия негіздері бойынша өрбіді. Жалпы, көшбасшылықтың қазақ­стан­дық жолы 2020 Стратегиялық жоспа­ры болып табылатын даму бағдарламасын орындауда жатыр. Бұл үшін Елбасы негізгі деп санаған бес шараны анықтап берді. Сонымен қатар, стратегиялық жоспарды іске асырудың базалық шарттарын айқындай келе, бұл шараны іске асырудың табыстылығы қазақстандықтардың білімі мен әлеуметтік жағдайында екенін айтты. Сол себепті халықтың азаматтық жауап­кер­шілігін көтеру осы Жолдауда да қойылған негізгі сілтеме болып табылады. Жолдауда айтылғандай, 2020 Страте­гия­лық жоспары ішкі саяси тұрақты­лықтың сенімді іргетасы болып табылмақ. Не істеу керектігін білген Елбасы рецес­сияға жол бермеді. Сондықтан барлық са­лалардағы тұрақтылық сақталды. Рецессия өндірістің құлауы немесе экономикалық өсімнің құлдырауына байланысты орын алады. Сонымен қатар, ғылыми-тех­ни­калық, әлеуметтік-экономикалық прогресс кезеңіндегі индустриялық дамыған елдер экономикасының трансформациясы да ықпал етеді. Сондықтан индустриялық даму жаңа онжылдықтағы ел дамуының жаңа мүмкіндіктері болып табылады. Қазақстан табысты индустриялық держава болатынына Елбасымыз сенеді. Ол үшін экономиканы әртараптандырудың үш бағыты айқындалған. Зейнеткерлер мен жастарға, оның ішінде студенттерге деген қамқорлық осын­дай күрделі кезеңнің өзінде еліміздің экономикасының күш-қуатын көрсетеді, танытады. Жолдауда айтылғандай, “Рес­пуб­ликалық бюджетте үстіміздегі жылы да зейнетақыларды 1 қаңтардан бастап, ал шәкіртақылар мен бюджеттегілер еңбек­ақы­ларын 1 шілдеден бастап 25 пайызға өсіру қарастырылған. Өткен жылғы эко­номика өсімінің оң серпінін шәкіртақылар мен бюджеттегілердің еңбекақыларын үш ай бұрын – 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүмкіндік береді деп есептеймін”. Сондықтан дәл қазіргі кезең еліміздің барлық тұрғындары үшін үлкен жауап­кер­шілікті талап етеді. Әрбір қазақстандық аза­мат мемлекет тарапынан жасалған қол­дауға сүйеніп, нақты істер атқаруға тиіс. Осы жылғы Жолдауда Елбасымыз еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің сақ­талуы ең маңызды міндет болып табыла­ты­нын атап көрсетті. Өткен жылғы Жол­дауда Президент дағдарыстың қиын кезе­ңінде елімізге және қоғамға қолдау көрсету үшін партияаралық үнқатысуды орнық­тыруды және бірігуді ұсынғанын, бастама қолдау тауып, жеті саяси партия Экономи­калық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды бірлесе әзірлеп, қол қойғандығын айтты. Шынында да, тұ­рақ­тылық қалыптасқан мемлекетте ғана әлеу­меттік-экономикалық реформалар жүреді. Ал бүгінгі кезеңде бұл – жаңа онжыл­дықтағы жаңа экономикалық өрлеуіміздің қажетті әрі негізгі шарты. Сондықтан елі­мізде азаматтық қоғам институттарын одан әрі қолдауға бағытталған саяси жаңғырту жалғаса бермек. Тұрақтылықты қамтамасыз ету үдері­сіндегі маңызды рөл бұқаралық ақпарат құралдарына да байланысты. Өйткені, қа­зіргі шарттарда саяси жүйенің өзгерістерге дағдылануы БАҚ көмегінсіз мүмкін емес. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық консолидацияның саяси тұрақтылығының факторы негізіндегі рөлін атқарады және негізгі құралы болып табылады. Сенім­ді­лік, жеке белсенділік, төзімділік, патрио­тизм, Отанға деген сүйіспеншілік секілді көңіл-күйлерді орнықтыратын материал­дар­ды жиі беру керек. Сондықтан журна­лист қауымы тұрақтылықты сақтауға бағыт­талған модельдерді қалыптастырады. Біздің ғылыми және шығармашылық ин­тел­лигенцияға да осындай рөл жүктеледі. Әсіресе, бұл үдерістегі миссияны түсін­ді­ру­де ғалымдар ғылыми еңбектерімен қа­тар, студенттерге оқу аудиториясында ұғын­дыруда жатыр. Ғылыми элитаны тағы қуантатыны, Елбасы “Ғылым туралы” жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет екенін айтты. Осы жылғы Жолдау қазақстан­дық­тарды жауапты міндетке біріктіру үшін, қазақты әлемге таныту үшін қажетті шара­лар мен нәтижелі қадамдарының бірі деген ойдамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауларында ең бірінші мемлекетіміз­дің құндылығы – халық, өйткені, еліміз­дің ынтымақтастығын, бейбітшілігін, ғы­лы­ми, білімдік сауаттылығын, экономика­сын, әлеуметтік, саяси реформаларын ха­лық үшін тұрақтылықпен байланыстыр­ға­нын көреміз. Осы Жолдауда бесіктегі ба­ламыздан бастап, саны күннен күнге азайып бара жатқан Ұлы Отан соғысы майданында ерлік көрсеткен ардагер­лері­мізге дейін қамқорлық көрсетілетінін атап айтты. Сондықтан Елбасы ұсынған негізгі төрт қағидатты халқымыз еш күмәнсіз ұстануы тиіс. Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдар кандидаты, Қызылорда “Болашақ” университетінің кафедра меңгерушісі. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі