• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Маусым, 2019

Ақтөбе облысында қылмыс 15%-ға азайған

389 рет
көрсетілді

Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында құқықбұзушылықтың, меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу және бұрынғы сотталғандардың жұмысқа орналасуына қатысты сұрақтар қаралды.

Отырыс облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өтіп, оған өңірдегі құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Прокуратураның мәліметінше, осы жылдың басынан бері Ақтөбе облысында қылмыс 15 % азайған.

Облыс әкімі құқық қорғау органдары үйлесімдірек әрі тиімді өзара әрекет етсе нәтиже жақысырақ болар еді деп атап өтті. Сонымен бірге, өңір басшысы алаяқтықпен, қалта және мал ұрлықтарымен, бұзақылықпен ( соның ішінде көңіл көтеру орындарында) күресті күшейтуді тапсырды. Бұдан басқа, өңір басшысы ұрланған заттарды сатып алатын және өткізетін нүктелерді жоюдың пәрменді шараларын қабылдауды талап етті.

Оңдасын Оразалин сондай-ақ, бейәлеуметтендірудің, соның ішінде қылмыстың қайталануын ескерту мақсатында бұрынғы сотталғандарды  жұмысқа оранластырудың маңыздылығын атап өтті. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаровтың мәліметінше, жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған 273 адам жұмыс іздеп келіпті.

Олардың 129-ы ендігі жұмысқа орналасқан, тағы 24 адам мемлекет есебінен қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өтіп жатыр. 113 адам ұсынған жұмыстардан бас тартқан.

 Оңдасын Оразалин «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын пайдалана отыра бұрынғы сотталғандарды кәсіпкерлікке тарту мүмкіндігін атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Мақсатты топтар арасында осы сұрақ бойынша түсіндіру, ақпараттық жұмыстарды күшейту қажет. Оларды жұмыспен, адал еңбекақымен қамту – қылмыстың қайталануының алдын алуға жақс»,- деді өңір басшысы.