• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2019

Маңғыстау облысының Полиция департаменті «ОКО» электронды камераларымен жабдықталды

632 рет
көрсетілді

Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады. Автокөлік шатырындағы электрондық «Око» камерасы 360 градусқа бұрылып, айнала алады, сондай-ақ инфрақызыл жарықтандыруы бар. Түнгі уақытта камера көмегімен автокөліктердің нөмірлерін, оларда жолаушылардың болуын, олардың әрекеттерін, ұялы телефон арқылы сөйлескендігін, қауіпсіздік белдіктерінің тағылмағандығын, адамдарды тасымалдау ережелері бұзылғандығын анықтауға болады.

 Сыртқы камера нашар жарықтандырылған жерлерде бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Құрылғы автомобильден басқарылады, ал суреті картада автомобильдің орналасқан жері және оның барлық төрт камерасынан бейне көрсетіліп, Ақтау қаласының жедел басқару орталығына беріледі. Сонымен қатар, жедел басқару орталығы операторы тіпті бейнетіркегішке өзі қосылып, жылжымалы бейнекамераны басқара алады, берілетін суретті арттырады. Патрульдік көлік қызмет атқару базасына келгенде, бейне автоматты режимде, полицейдің қатысуынсыз серверге түсіріледі. Ақпарат үш жыл сақталады. Инциденттер мен қылмыстық істер бойынша, егер олар тіркелген болса, бейне бөлек серверде одан да ұзақ сақталады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ұсталған жүргізушілер жиі бейне көрсетілімді талап ете отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзғанын мойындаудан бас тартады.

         Жаңашылдық адамдарды рульде және полицейлердің жол қозғалыс ережелерін сақтауын қадағалайды. Енді олардың барлық әрекеттері бейнекамераға тіркеліп, машина ішіндегі әңгіме де жазылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту - полиция жұмысындағы басымдық, ал бейнетіркегіштерді сатып алу - осындай нақты қадамдардың бірі екені белгілі. Сонымен қатар, арнайы орнатылған компьютерлер жүргізушілерді деректер базасы бойынша көлік құралын басқару құқығының бар-жоғын, олардан айырылмағанын, төленбеген айыппұлдар бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл үдерістердің барлығы автопатруль қозғалысы барысында орын алады. Патрульдік көлік салонындағы электронды дауыс бейнекамераның объективіне түсетін машиналардың нөмірлерін көрсетеді.  Нөмірлер автоматты түрде танылады және санаулы секундта қолда бар деректер базасы бойынша ақпарат береді. Егер автомашина базалардың біріне енгізілсе (сот орындаушылары, көші-қон полициясы, сот органдары және т.б.), онда бірден оны кім іздейді және қандай себептері бойынша хабар беріледі. Деректер базасы аптасына бір рет жаңартылады. Жабдық пайдалану кезінде атмосфералық жауын-шашынды жою үшін шыны тазалағышпен толықтырылған. Жүйе Маңғыстау облысының жағдайына бейімделген: жылыту жүйесі бар, алдымен жабдық жылытылады, содан кейін бейнетіркегіштің өзі қосылады. Бұл қатты дискінің тозуына ұшырамауы үшін қажет.

Маңғыстау облысы