• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2019

Қоршаған ортаны қорғау мәселесін қызу қолға алатын кез келді

1213 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның қатысуымен палатада «Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды заңнамалық тұрғыдан дамыту және биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында 2016 жылғы 18 қарашада өткен парламенттік тыңдаудың ұсынымдарын іске асыру мәселелері бойынша Үкімет сағаты болды.

Оны Аграрлық мәселелер, таби­ғатты пайдалану және ауыл­дық аумақтарды дамыту коми­тетінің төрағасы Жеңіс Нұр­ға­лиев ашып, жүргізіп отырды. Ол өзінің сөзін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауал­ды бағдар­ламасында басты мәсе­лелер­дің қа­тарын­да экология және қоршаған ор­таны қорғау айтылғанын, сол бастаманың нақты нәтижесі ретінде Экология, геология және табиғи рес­урстар министрлігінің құрылғанын ауызға алды. Қоршаған ортаны қор­ғау мен табиғи ресурстарды ұтым­ды пайдалануды бақылау мен қада­ға­лаудағы мемлекеттік саясат­ты қалып­тастыру осы министр­лік­тің бас­ты міндеті болып табыла­ды, дей келіп, ол ми­нистрлік басшы­сы Мағзұм Мырзағалиевті тағайындалуымен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.

Қаралған мәселе бойынша баян­дама жасау үшін бірінші сөз Экология, геология және та­би­ғи ресурстар вице-министрі Ер­лан Нысанбаевқа берілді. Ол Пар­ла­мент Сенатының 2016 жылғы жаса­ған 37 ұсынысының 30-ы то­лық орындалғанын айтты. «Қазір қал­ған бөлігін іске асыру бойынша жұ­мыстар жүр­гізілуде. Әлі шешімін таппаған­дар қатарында Қазақстан Ре­с­пуб­л­икасында биологиялық әр­түр­лілікті сақтау мен орынды пай­далану бойынша 2030 жылға де­йінгі тұжырымдама және орман шаруашылығы, жануарлар дү­ниесі мен ерекше қорғалатын та­биғи аумақтарды дамыту сала­сында жеке бағдарламалық құ­жат әзірлеу секілді мәселелер бар. «Нұр Отан» партиясының бағ­дар­ламасында да осы жайт қара­лып, қазір министрлік соны іске асыру жұмыстарын үстіміздегі жыл­ға жос­­парлап отыр», – деді Е.Нысанбаев.

Сонымен бірге өсімдіктер дү­ниесін қорғау жөніндегі заң жо­басы да әзірленіп, оны 2020 жыл­дың жоспарына енгізу көз­делген екен. «Былтыр 52,7 мың га ор­ман қалпына келтірілген. Деген­мен, жергілікті әкімдіктер осы бағыттағы жұмыстарын жандан­дыра түскені жөн. Орман өрт­терін сөндіру жұмыстарында да ол­қы­лықтар көп, бұл мәселеде біз жоғары дамыған елдерден арт­та қалып отырмыз. Қазір авиапат­рульдер ұшыру жұмыстарын 8 млн 800 мың гектардан 9 млн 500 мың гектарға дейін арттыру жос­парлануда. Авиапатрульді жүргізу орман шаруашылығын ғана емес, ондағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін де қорғайды, сондықтан оған қосымша жыл сайын 1,8 млрд теңге жұмсау керек. Дала өрттерінің де зияны экожүйені жоюда аз зардап шек­тірмейді. Жергілікті әкімд­іктер бұл жұмыстарды толық игере алмау­да», деді вице-министр.

Баяндама аяқталған соң сенаторлар оны сұрақтың астына алды. Соның ішінде М.Құл-Мұ­хаммед құландар санын арттыру мәселесіне назар аудар­ды. Оларды «Алтын Емел» қо­ры­ғы­нан республиканың бар­лық жері­не тарату бойынша атқа­ры­лып жат­қан жұмыстардың мар­дымсыз еке­нін айтқан сенатор оның 9 тұя­ғы­ның ғана Қос­танай облысына жет­кізіл­гені күлкілі екенін атап өтті.

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов балық шаруашылығының мәселе­леріне көңіл аударып: «Біздің елімізде балық аулауға көктемгі мұз түскеннен бастап 24 сәуірге дейін, ал Ресейде бұл мерзім 25 мамырға дейін созылған. Сонда балықты олар бізден 44 күн ұзақ аулайды. Ал күзгі балық аулау мерзімін қосатын болсақ, олар біз­ден 55 күнге артық аулай­ды. Осы­ның себебі неде? деп сұра­ды се­на­тор. Оған Е.Нысанбаев бұ­­рын екі ел­дің де балық аулау мер­зім­­д­ері бір­дей болғанын, алайда 2014 жыл­дан бастап біздің Бас прокура­тура, өкінішке қарай, көктемгі және күзгі балық өсіміне зиянын тигізеді деген себеппен бізде аулау мерзімін азайтып тастағанын жеткізді.

Сенат Төрағасының орынба­сары Бектас Бекназаров «Балқаш жолбарысын» қалпына келтіреміз деген әңгіменің өзі бостан-босқа мемлекет қаражатын шашуға ұласпай ма деп сұрады. Ерлан Нысанбаев «Балқаш жолбарысы» популяциясын қалпы­на келтіру идеясы Халықаралық таби­ғат қорғау қорынан шығып, бұл іске 10 млн доллар қаражат қарас­тырылғанын айтты. Сон­дықтан біздің мемлекеттен бұл іске қаражат бөлінген емес, деді ол.

Осындай өте өткір экология­лық, биологиялық мәселелер көтерілген Үкімет сағатын Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қорытындылады. Ол көтерілген мәселелер Үкіметке ұсыныстар түрінде түсірілетініне сенім білдірді.