• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2019

Маңғыстау облыстық соты ашық есік күнін өткізді

355 рет
көрсетілді

Маңғыстауда медиация институтын насихаттау, дау мен жан-жалдарды шешу, дау мен шиеленістерді шешу кезінде татуласу рәсімдерінің тиімділігін түсіндіру мақсатында ашық есік күні өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметі хабарлады.

 Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өткен іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы, татуласу рәсімдері бойынша үйлестірушісі Мұрат Аубакиров және судья-медиатор Жанар Нурушова, кәсіби медиатор Сания Саталиева қатысты.

Ашық есік күнінде сөз алған  Мұрат Аубакиров  қоғамда дауды азайту, халықты әуре-сарсаңға салмау және соттардың жұмысын ізгілендіру мақсатында сот-құқық саласында жүргізілген реформалар өз нәтижесін беріп, сотқа түсетін істер саны азайып отырғанын тілге тиек етті. Нәтижесінде, ағымдағы жылы  Республика соттарында сәуір айында 551 мың іс пен материалдар түссе, мамыр айында небары 129 мың түскенін, бұл төрт есеге жуық істердің төмендеуі әсіресе азаматтық даулар санының азаюынан байқалатындығын атап өтті.

Ашық есік күніне қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыпта болды. Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауап берілді.

Іс-шара соңында сот, әкімдік ғимараттарында медиатор кабинеттері ашылғандығы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалында, Кәсіподақтар үйінде, Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университетте татуласу орталықтары жұмыс істейтіндігі, облыста Билер кеңесі құрылып, алғашқы даулар қаралғандығы туралы құнды ақпараттар айтылды.

 Ең бастысы,  татуласу тараптардың уақыты мен қаржысын үнемдейтіндігі, тараптар мемлекеттік баждан босатылатындығы қатысушылар назарына ұсынылды.

Маңғыстау облысы