• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Маусым, 2019

Сенатта аэроғарыш қызметінің мәселелері талқыланды

252 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен аэроғарыш қызметінің жекелеген мәселелері бойынша Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен кездесу болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде «Ғарыштық техника және технологиялар институтын» «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамына берудің орынсыздығы туралы мәселе талқыланды. Сенатор Талғат Мұсабаев осы мәселені Сенат отырысында бұрын көтерген болатын.

Кездесуде баяндама жасаған цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Нұрғожин депутаттарды қалыптасқан жағдай туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, институт соңғы уақытта кәсіпкерлік қызметті  едәуір арттырған болатын. Осылайша, инфокоммуникациялық технологияларды дамыту жобаларына қатысты институт жаңалықтарының едәуір бөлігі «Yellow Pages Rule» қағидаттарына қайшы келеді, оған сәйкес бизнес ұсынатын қызметтерді мемлекет жүзеге асырмайды. Осыған байланысты, министрлік бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу жөніндегі институт жарғысында бекітілген ІТ-міндетті алып тастауды, сондай-ақ институтты «Зерде» акционерлік қоғамына беруді ұсынады.

«Институтты «Зерде» холдингінің қарамағына беру қазіргі уақытта бар институттың технологиялық және кадрлық әлеуетін жоғалтуға және соның салдарынан Қазақстанның ғарыш саласындағы бас ғылыми-зерттеу институтының жойылуына алып келуі мүмкін», - деп атап өтті депутат Т.Мұсабаев. Оның пікірінше, институттағы ғарыш техникасы мен технологияларын әзірлеу саласына жетекшілік ету үшін «Зерде» холдингінде ғарыш техникасы мен технологияларын әзірлеу мәселелерінде құзыретті ғалымдар мен мамандар жоқ.

Комитет депутаттары кездесуді қорытындылай келіп, институтты қайта ұйымдастыру оның коммерциялық қызметі ғарыш саласына зиян келтірмей дамуы тиіс екенін атап өтті. Бұл мәселеде оның мақсаты - ғарыш техникасы мен технологиясының жасалуын ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету болып қалуы тиіс, осыған байланысты министрлікке институттың қолданыстағы құрылымын сақтау ұсынылды.