• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2019

Ассанж АҚШ-қа қашан жөнелтіледі?

274 рет
көрсетілді

Осыдан бірер күн бұрын әлемдік ақпарат кеңістігінде аустра­лиялық журналист, WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джу­лиан Ассанжды Ұлыбританиядан АҚШ-қа экстрадициялау туралы хабар кеңінен тараған болатын. Джулиан Ассанж ден­саулығына байланысты 17 маусымда өткен Уестминстер магистраттық сотына қатыса алмады. Дегенмен, жазасын өтеп жатқан Белмарш (Ұлыбритания) түрмесінен видео байланысқа шықты. Сот отырысы оны АҚШ-қа экстрадициялау мәселесіне бай­ланысты еді. Дегенмен, қандай да бір шешім әлі қабылданған жоқ.

Дж.Ассанж 2010 жылдары әлемге әйгілі тұлғаға айнал­­ды. WikiLeaks сайтына АҚШ тік­ұшақтарының Бағдат қаласын­дағы бейбіт тұрғындарға оқ жау­дырғаны бейнеленген видеосын жариялағаннан кейін көп ұзамай Дж.Ассанжға қарсы шағымдар түсіп, оны қамауға алу шаралары жүргізіле бастады. Ол Швейцарияны қауіпсіз санап, сол елге қоныс аударады.

Швеция соты Дж.Ассанж­ға­ қарсы іс қозғап, оны Ұлы­бри­­­­­­­­­­­­­таниядан экстрадициялауға ше­­­шім шығарады. Дж.Ассанж сот шешіміне қарсы шығып, Ұлы­­­британиядағы Эквадор ел­шілігінде осы жылдың 11 сәуіріне дейін, яғни 7 жылға жуық уақыт бой тасалады. Бұ­ған дейін белгілі болғандай, Ассанж өз сайтында Эквадор Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген ақпарат жариялады. Бұған ашуы келген Эквадор президенті оған саяси баспана беруден бас тартқан еді. Ұлыбритания үкіметі бұл жағдайды пайдаланып, оны қамауға алды.

Ал Ассанждың кінә­сін дә­лел­дейтін айғақтардың жет­кіліксіз болуы себебінен ол әлі­ күнге дейін Ұлыбритания абақ­­­тысында тұтқында. АҚШ Әді­лет министрлігі 23 мамырда 17 бап бойынша айып тағып, оны 175 жыл бас бостандығынан айыруды ұсынған еді.

Бұған дейін Британия ІІМ бас­шысы Саджид Джавид айыпталушы Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы ұсы­нысқа келісімін берген-ді. ВВС ақпараттық агенттігінің ха­бар­лауынша, экстрадиция үкімі қабылданған жағдайда Дж.Ассанж АҚШ-қа 2020 жылдың ақпан айында жөнелтіледі.Аустралия үкіметінің басшы­сы Скотт Моррисон өзінің отан­дасы Дж.Ассанжға арнайы көмек көрсетілмейтінін, мемлекет тек консулдық жәрдеммен шек­телетінін мәлімдеді. Кейбір ше­тел­дік ақпарат құралдары мен сарапшылар АҚШ үкіметі Д.Ассанжды расымен кінәлі деп таныса, өз Конституциясында ойып жазылған ой мен сөз бос­тан­­­дығына қарсы келетінін айтады.

Politico газеті АҚШ про­ку­рорларының қажетті айғақтар мен дәлелдер ұсынуға уақыты жетпейтінін жазады. Заңға сәй­кес, айыпталушы алғаш қамауға алынған күннен 60 тәулік ішінде тиісті құжаттар берілуі керек екен. Ал оның кінәсін дәлелдеуге қажетті кейбір ақпараттар, тіп­ті құпия. Мұны сот залында тал­қылау олардың жария болуына алып келмек.

Дәл осы оқиғаға қатысты әлем сарапшыларының пікірі екі­­­­ге жарылғандай. Бірі Ас­санж­­д­ы жақтап жатса, енді бі­рі айы­бын өтесін дейді. Бір қы­зығы, дәл Ассанждың сайты жа­­рия­­лаған ақпараттарды New York Times газеті де Дональд Трамп үкіметінің рұқсатынсыз жариялағанын, алайда басылымға еш айып тағылмағаны айтылуда. Бұл жерде екі түрлі стандарттар байқалады.

Кейбір сарапшылар оны «заманауи ақпараттық соғыстың қол­бас­шысы» дейді. Олар өзі­нің жеке бас бостандығынан шын­дықты биік қойған Дж.Ас­санж­ды қолдауға шақырып жа­тыр. Бүгінде Ассанждың АҚШ үкіметіне берілуіне наразылар­ қа­тары көбеймесе, азаймай тұр.­­ Сидней, Киев, Берлинде Ас­санжды қолдаушылар оның бо­сатылуын талап етіп, шеруге бірнеше рет шықты.

Дж.Ассанждың денсаулығына алаңдаушылар да аз емес. Кей ақпараттарға қарағанда, Эква­дор елшілігіндегі 7 жыл мен Ұлыбританияның Белмарш абақ­тысындағы 7 апта айыпталу­шының денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймаған көрі­неді. Оның қорғаушылары Пер Самуэльсон, Гарет Пейрс және БҰҰ-ның адамға зәбірлік көр­сету, қанау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы Нильс Мельцер Ассанждың денсаулығы нашарлағаны туралы ақпаратты рас деп танып, түрмеде оған психологиялық қысым көрсетіп жатқанынын мәлімдеді.