• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2013

Азаматтық іс саны артып, қылмыстық іс кеміген

300 рет
көрсетілді

Азаматтық іс саны артып, қылмыстық іс кеміген

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 7:05

Статистикалық мәліметке сүйен­сек, былтырғы жылы Алматы облыстық сотына келіп түскен азаматтық істер саны 27 пайызға артқан. Есесіне ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты күшіне енген рақымшылық туралы заңына  және Қылмыстық кодекстің 67-бабына сәйкес сотта қаралатын қылмыстық істер саны кеміген. Бұл туралы Алматы облыстық сотының былтырғы жылды қорытындылаған  баспасөз мәслихатында айтылды.

Оны Алматы облыстық со­ты­ның қылмыстық істер жөнін­дегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Нұрділлә Сеитов ашып, «Елбасы  «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы  – қалыптасқан мем­ле­кеттің жаңа саяси ба­ғы­ты» атты Жолдауында елі­міз­де­гі сот жүйесінің алдына қойылған міндеттерді атап, ал­да­­ғы атқарылатын істерге тоқ­тал­ғаны мәлім, осы орайда біз де төл міндетімізге сай Же­тісу же­рінде сот төрелігінің сапа­лы­лығына, заңдылықтың сақ­талуына, нәтижелілігіне  және сот қызметін жетілдіре түсуге бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз» деді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі қо­ғамда белең алып бара жатқан бір проблема ата-аналардың бей­кү­нә сәбилерді тастап кетулері, балаларының қауқарсыз әке-шешеге қол жұмсауы секілді мәсе­лелерге орай журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға судьялар жауап берді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.