• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2013

Ұрыға көмектескен күзетшінің өзі екен

350 рет
көрсетілді

Ұрыға көмектескен күзетшінің өзі екен

Жұма, 15 ақпан 2013 7:09

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері «Құмкөл-Павлодар-Шымкент» мұнай құбырлары арқылы мұнайды ұрлаған қылмыстық топты құрықтады. Олар Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының ай­­мағында ұрланған мұнайды тасымалдаумен айналысқан.

 

Жұма, 15 ақпан 2013 7:09

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері «Құмкөл-Павлодар-Шымкент» мұнай құбырлары арқылы мұнайды ұрлаған қылмыстық топты құрықтады. Олар Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының ай­­мағында ұрланған мұнайды тасымалдаумен айналысқан. Ұрының алыстан келмейтіні белгілі. Облыстық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «SEMSER Security», «Күзет агенттігі» ЖШС-ның директоры Н.Молтаевтың қызмет өкілеттігін пайдаланып, бірнеше тұлғалардан тұратын қылмыстық топпен байланысып және олардың ұзақ уақыт бойы «Құмкөл-Павлодар-Шымкент» құбырларынан мұнай ұрлауына қамқоршы болған, қызметі үшін ірі мөлшерде ақшалай сыйақы алып отырғаны анықталды.

Одан бөлек, 9 адамнан тұратын қылмыстық топ және оның ұйымдастырушысы Б.Нақылбеков ұсталды. Ол да шикі мұнайды ұрлау мақсатымен қылмыстық топ құрып, мұнай құбырларына заңсыз қосылу арқылы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының айма­­­­ғында ұрланған мұнайды тасымалдаумен айналысқан.

Олардан ұрланған мұнайды «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінде құрылыс жүргізетін асфальтбетон зауыттары сатып алып отырыпты. Қылмыстық топқа қамқоршылық көрсеткені үшін Н.Молтаевқа жалпы сомасы 900 мың теңге көлемінде ақша берілгені бірнеше рет тіркеліп, оның тұрғын үйіне тексеру жұмыстарын жүр­­­­­­гізу барысында аталған соманың 300 мың теңгесі табылған.

Жалпы, қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде, яғни 11,0 млн. теңгені құрайтын 400 тонна мұнай ұрланған. Аталған дерек бойынша  ҚК-нің 175-бабы 4-бөлігінің «б» тармағымен (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда барлық айыптылар сот санкциясымен қамауға алынды.

Сондай-ақ, 26 қаңтарда «Береке» ЖШС-ның бөлім бастығы, «Шымкентдорстрой» ӨК-нің директоры және «Түлкібас жолдары» ЖШС-ның асфальт зауытының бастығына қатысты мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу  және заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру деректері бойынша  қылмыстық істер қозғалды.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.