• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2019

«Блэйз», «Тип-Топ» бишілері топ жарды

341 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Оқу­шылар сарайының кішкен­тай бишілері жазғы каникул күндерінің бір аптасын Пело­поннес түбегінде өткізді. Олар осындағы Лутраки курортында «Толқын әуендері. Грекия-2019» атты ән фестиваліне қа­тысты.

«Блэйз» эстрадалық би сту­дия­сының жетекшісі Любовь Корню­хинаның айтуынша, өнер бай­қауы Ион теңізінің жаға­лауында орналасқан курорттағы «Alexandreio» концерт залында өтіпті.

Халықаралық-эстрадалық би байқауына Белоруссия, Ресей, Украина, Грузия, Грекия, Литва, Молдова елдерінен кішкентай қатысушылар келген.

Оқушылар сарайының «Блэйз» эстрадалық би студия­сының би­шілері «Армандар орындалады», «Ер­кін тыныс», «Дала әуендері», «Ке­­ңістік», «Жаң­­ғыру», «Бір күні» атты әр­түрлі тақырыптағы шығар­ма­ларды орындады.

Грекияға шақырту алған би студия­сының би композиция­­лары ерекше, театрлан­ды­рылған, ашық, қимыл-қоз­ғалысты сю­жет­терімен ерек­шеленіпті. Ре­пер­туарға сай тігіл­ген би кос­тюмд­ерінің ұлт­тық на­қыштағы кол­лекциялары көрер­мендерді таң­ғалдырған.

«Блэйздің» «Тип-Топ» атты дайындық тобының кіш­кентай бишілері Арина Казакова, Саида Маралбаева, Людмила Сологуб, Сабина Сейіткәрімдерге ха­лық­­­аралық қазылар алқасы би­лерінің әртүрлілігі мен қызық­ты сюжеттері үшін жоғары баға беріпті.

– Әрине байқауға қатысқан барлық елдердің бишілері кә­сіби деңгейлерін көрсетті. Біз­дің бишілер билеген «Дала сағым­дары» атты қазақтың ұлт­тық билер топтамасы шығыс­тық өзіндік өрнектерімен таң­ғалдырды. Біздің бишілер 6 бірінші орын иеленді. Гала-концерт пен марапаттау рәсімі Жерорта теңізі паль­маларымен қоршаған Лутраки курортының орталық ала­ңын­да өтті, – дейді Любовь Корнюхина.

Ал бишілеріміздің алыс шетел көрермендерінің ықыласына бөленуіне би үйірмесінің жетек­шілері Ирина Руденко, Дина Гимазетдинова, Анжелика Бу­лич, сондай-ақ байқауға қаты­су­шы­лардың ата-аналары үлес қосыпты.

 

ПАВЛОДАР