Еркін форматта өткен кездесуді жастар мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Ирина Тухватулина жүргізді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тең жол» автомектебінің директоры Сәлімхан Сәбитов, жаңа туған сәбилерге арналған жиһаз жасаумен айналысатын жас кәсіпкер Рүстем Башаров, гипстен жасөспірімдердің латын әріптерін танып-білуіне арналған оқу құралын жасауды қолға алған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті Жанат Кәкімов, тағы басқа талапты жастар сөз алып, өз істері жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ кәсіпкерлік саланы кеңейту бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Құмар Іргебайұлы барлық өтініштер мен ұсыныстарды назарға алып, мәселелерді шешудің жолдарын қарастыратынын айтты.
Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл №2 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі, үздік жастарды анықтап, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған Samuryq – 2018 конкурсында «Жас маман» аталымы бойынша жеңімпаз атанған Руслан Қайыргелдин жас археологтардың форумын өткізу туралы ұсыныс жасап, қолдау тапты.