• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2019

Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

312 рет
көрсетілді

Қызылордада өткен IV халықаралық интернет-форумға Ресей, оның ішінде Татарстан, Сингапур және Қазақстан мемлекеттерінен сарапшылар қатысты.

Форум модераторы - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі Вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова.

Жиында баяндама жасағандар аймақтағы білім беру және жұмыспен қамту саласының келешегі, жылдам өзгеретін заманауи еңбек нарығы жағдайындағы жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер, сияқты өзекті мәселелер туралы айтты.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев форум жұмысына сәттілік тілеп, адам капиталын дамыту аймақтың басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Біз төртінші Интернет-форумды адам капиталын дамытуға арнап отырмыз. Өйткені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезеңде мемлекеттің экономикалық өсуінің шешуші факторы - адам капиталын қалыптастыру мен дамытуға байланысты инвестициялар. Әлемде білім беруді дамытуға мемлекеттік шығыстар бұрыннан әлеуметтік шығындар ретінде есептелмейді. Себебі бұл - табыс әкелетін инвестиция. «Барлығын кадрлар шешетінін» түсінеміз, сондықтан облыстық бюджеттің 40% астамын білім беру саласына бағыттаймыз», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Мәселен, Қызылорда облысында "HackDay" жас IT-мамандардың бірінші өңірлік фестивалі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Қызылорда жастары "IT-эшелон" жобасы аясында веб-бағдарламалау негіздері мен фронтенд-әзірлемелер бойынша ақысыз негізде оқытылуда.

Форумға онлайн және офлайн режимінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, "МИСиС" ҰТЗУ даму жөніндегі директоры Нұрлан Қиясов, BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек, Электрондық үкімет орталығының директоры/Сингапур ұлттық университетінің халықаралық бағдарламасының жүйелік ғылымдар институтының басшысы Ашок Кумар Ситхараман, "Иннополис" университетінің ректоры Александр Тормасов, сондай-ақ сандық технологиялар және адами ресурстарды дамыту саласындағы басқа да сарапшылар қатысты.

Интернет пайдаланушылары үшін облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (YouTube және Facebook) ресми аккаунттары арқылы онлайн трансляция ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы