• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2019

Арыстан келетін 130 бала Баянауылда демалады

483 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен өңірде Арыс қаласынан келетін 300 баланы демалыс орындарына орналастыру туралы шешім қабылданды.

Яғни, бұл мақсат  үшін барлық жағдай жасалды. Ертең  27 маусым күні Арыс қаласынан балалардың алғашқы легі Павлодарға келеді. Жалпы саны 130 бала және 10 жетекшісі бар.Олар Баянауылдағы демалыс орындарына орналастырылады.Ал, екінші кезеңде 170 бала келеді. Бұл кезеңге студенттер және тәлімгер және тәрбиеші қызметін атақарады.

Облыстық білім басқармасының  мәліметінше, екінші кезең үшін балаларды қабылдау және ұйымдастыру бойынша жедел іс-қимыл жоспары әзірленген.  Балаларды орналастыру үшін  «Қазхром»  АҚ ферроқорытпа зауытының,  басқарманың «Жас дәурен», «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы, Шарбақты ауданы «Чайка» балалар  лагері  қазір дайындалуда.

Жедел Іс-қимыл жоспарына сәйкес облыстың білім басқармасы полиция департаменті, тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті, Төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, аталған орталықтарда балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ,балаларға медициналық жәрдем көрсетіледі. Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері де бірлесе  жұмыс жасайды.

Балаларды музейлерге, басқа да мәдени-демалыс орындарына бару арқылы облыс  орталығына экскурсиялық турлар ұйымдастырылады.

Ал, бұл мақсатты  қаржыландыру бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.

Павлодар облысы