• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2019

Екібастұзда көп балалы аналарға пәтер сатып алу үшін 250 миллион теңге қаржы бөлінбек

428 рет
көрсетілді

Бұл туралы кеншілер қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

Бұл қаражатқа  сатып алынатын 30-40 пәтер көп балалы отбасыларға жалға беріледі. Пәтерлер алдағы үш-төрт айдың ішінде сатып алынады. Сонымен қатар, келесі жылы Екібастұздағы жеке тұрғын үйлер салынатын шағын аудандардың бірінде көп балалы отбасылар үшін екі пәтерлі тұрғын үйлер салынбақшы.

Қалада 233 көп балалы ана үй кезегінде тұр. Ол үшін жергілікті билік құрылыс алаңына жылу коммуникацияларын тартуы тиіс.

Сондай-ақ, Болат Бақауов өңір билігі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен кезінде Солнечный кентінде ГРЭС-2 стансасы жұмыскерлері үшін салынып, қазір бос тұрған көп қабатты үйлерді облыстың коммуналдық меншігіне беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, келесі жылы Екібастұздағы жеке тұрғын үйлер салынатын шағын аудандардың бірінде көп балалы отбасылар үшін екі пәтерлі тұрғын үйлер салынбақшы. Ол үшін жергілікті билік құрылыс алаңына жылу коммуникацияларын тартуы тиіс.

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев