• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Маусым, 2019

Транскаспийлік бағдар бойынша жүк ағыны ұлғаяды

341 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы және «ТХКБ» халықаралық қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.

Отырыс барысында аталған көлік бағдарына жүктерді тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру, контейнерлік тасымалды дамыту, бағдар бойынша қолайлы тарифтік жағдай жасау мәселелері талқыланды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ басшысы, «ТХКБ» ХА» ЗТБ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Транскаспий дәлізінің әлеуе­тін пайдалану бойынша іске асырылатын шараларды қабылдаудың маңызын атап өтті.

«Бұл бағдар бойынша жүк ағынын ұлғайту жұмысын жандандыру қажет. Біз қабылдаған шешім дәлізге жаңа қатысушыларды тартуға ықпал етуі тиіс», деді С.Мыңбаев.

Ірі көліктік-логистикалық компания­лар­дың аталған халықаралық дәлізге қы­зығу­шы­­лығы артуда. Мәселен, «ТХКБ» ассо­циа­циясына негізгі қызметі маман­дан­дырылған жылжыма­лы құрамды басқару, астық тасымалы бойынша көліктік-экс­педиторлық қызмет көрсету бо­лып табылатын «Астық-Транс» АҚ мүше болды.

Отырыс қорытындысы бойынша «Транс­каспийлік халықаралық көлік бағ­дары» ХА» ЗТБ жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылды. Шара шеңберінде бас­шылар, яғни «ТХКБ» ассоциациясының тұрақты мүшелері келесі құжаттарға, яғни:

– Каспий теңізіндегі порттар арасында (Ақ­тау, Баку(Алят) фидерлік кемелердің қаты­суы­­мен тікелей темір жол-су қаты­насы­мен кон­тей­­нер­лік тасымалды ұйымдастыру ту­ралы келісімге;

– ТХКБ бағдары бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүк тасымалын ұйым­дастыру барысында жеткізу мерзіміне жауап­кер­шілік шаралары мен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.