• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2019

ШҚО-да 230 көпбалалы отбасы бір айдың ішінде баспаналы болады

604 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанның ауылдық елді-мекендерінде тұратын 230 көпбалалы отбасы бір айдың ішінде баспаналы болады.

Шығыс Қазақстанның ауылдық елді-мекендерінде тұратын 230 көпбалалы отбасы бір айдың ішінде баспаналы болады. Бұл туралы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды үймен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық қоғамдық комиссия отырысында айтылды.

«Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын-үй қорынан үй алу кезегінде аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде тұратын 566 отбасы тіркелген. Олардың баспанамен қамту бірнеше кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде бюджеттен тыс қаржы есебінен 88 ауылдық округ пен 4 аудан орталығында (Бородулиxа, Катонқарағай, Көкпекті және Тарбағатай) 230 отбасына баспана алынады. Олардың жалпы құны - 558,5 млн.теңге. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша аудандарда құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдері мен көпбалалы аналар кірген жұмыс топтары кіріп, сатып алуға жататын үйлер мен пәтерлердің жай-күйін анықтады. Бүгінгі жиында барлық топтар өкілдері атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Қазір ауылдық округтер мен бірнеше аудан орталығын қамтыған бірінші кезең аяқталуға жақын. Құжат рәсіміне кететін он күннен кейін 230 отбасы өз баспаналарына ие болады. Келесі кезең қалған 309 жанұяны тұрғын үймен қамту. Бұл міндет «Бақытты отбасы» ипотекалық несиелеудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Жұмыс шілде айында бастау алып, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүрмек» дейді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының өзгешелігі мынада:

- несие сомасы – 10 млн. теңгеге дейін, 

- мерзімі – 20 жылға дейін, 

- ставкасы – 2%,

- алғашқы жарна – 10%.

Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің несиелеу ережесі мен «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

- үміткер мен отбасы мүшелерінің меншік құқығында үйінің болмауы; - ажырасқан жағдайда мерзімінің 3 жылдан артуы;

- төлем қабілетінің ресми қуатталуы;

- тұрғын-үй кезегінде тұрғанын және мәртебесін әкімдіктің растауы;

- соңғы 6 айдың орташа табысы әр отбасы мүшесіне шаққанда, ай сайын, ең төмен еңбекақы мүлшерінен аспау керек (42,5 мың. теңге). «Мысалы, отбасында 6 адам болса, бағдарлама қатысу үшін ең жоғары табыс 255 мың. теңгені құрау керек (6 адам х 42,5 мың. теңге=255 мың. теңге). Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сәйкес, облыстағы бір көпбалалы отбасы, орта есеппен 81 мың теңгеден астам қаржы алады. Отбасында кемінде бір жұмыс жасайтын адамның болуы бағдарламаға төменгі төлем қабілеті бойынша қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бағдарламаға қатысушылардың нақты санын анықтау үшін әкімдіктер мен Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі көпбалалы отбасы санатында кезекте тұрған 1 258 адамға төменгі критерийлер бойынша сараптама жүргізуде:

- жасы, 

- ресми табысының бар болуы, 

- баспанасының болмауы, 

- несиелік тарихы. 

Бағдарлама талаптарына сай болған жағдайда оларға 1 млн. теңгелік алғашқы төлем жарнасының тұрғын-үй сертификаты мен жеңілдетілген ипотекалық несие ұсынылады. Осылайша әр отбасы 10 млн. теңгеге дейін баспана алу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғын-үй сертификаттарын облыстық қоғамдық комиссия береді. Даниал Аxметов қалалар мен аудандар әкімдеріне екі ай ішінде әр отбасына егжей-тегжейлі сараптама жүргізіп, қабілеттерін анықтауды тапсырды. Бұдан кейін қыркүйек айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қанша отбасының лайықты, қаншасы қатыса алмайтындығы жөнінде белгілі болып, басқа мүмкіндіктер зерделенеді. Тиісінше комиссия көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қажетті баспаналарымен қамтудыі өзге де жолдарын қарайды» дейді облыс әкімінің орынбасары.

ӨСКЕМЕН