• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Маусым, 2019

Темірден жасалған тұлпар

748 рет
көрсетілді

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында «Ұрпақтар сабақтастығы – қолөнерде» атты инсталляция байқауы өтті. Байқауға 10 техникалық және кәсіптік білім беру колледжінің студенттері қатысып, өз жұмыстарын ұсынды.

– Студенттер қолөнер бай­қауына «Атқа міну мәде­ниеті», «Ұлы даладағы ежелгі ме­таллургия», «Аңдар стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемі­нің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қыз­ғалдақтың Отаны» атты түрлі инсталляцияларды жасап әкелді, – дейді басқарманың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Мира Шыңғысова.

Сөйтіп «Ұрпақтар сабақ­тас­тығы» аталымында Тех­никалық сервис колледжінде дәнекерлеу ісі мамандығы бо­йынша оқитын 3-курс студенті Александр Трунов жеңімпаз атанды.

Колледж директоры Әнуар­бек Ахметшаиховтың айтуынша, осы оқу орнында Александр сияқты талапты, қолдарынан іс келетін 300-ден аса ауыл, қала жастары білім алу­да. Түлектер өңірдегі кәсіп­орындарда еңбек етеді. Бар­лық кәсіпорындармен Дуальды оқыту бойынша келі­сімшарттар жасалған.

Байқауға қатысу үшін Алек­сандр өндірістік оқыту ше­берлері Александр Нико­лаев, Бейсенби Әбілхаса­нов­тың жетекшілігімен металл қалдықтарынан тұлпар жасап шығыпты.

 Колледж алдында тұрған тұлпардың биіктігі 1 метр.

– Тұлпарды жасауға екі аптадай уақыт кетті. Жылқы пішінін құрастыру және көлем беру үшін түрлі диаметрлі сым қолдандық. Конструкция мен аяқ-қолдың қаттылығы үшін шаршы құбыр пайдаланылды. Жобаның беті тиісті форма берілген табақ темір жолақтарынан жасалған, –дейді Александр.

Ал «Креативті жоба» жүлде­сін металл қалдық­та­ры­нан биік­тігі 60 сантиметр киіз үй жасаған Монтаждау кол­леджінің студенті Юрий Тутаев иеленді.

Жүлдегерлер мен жеңім­паз атанған 6 қолөнер­ші­ студенттерге дипломдар табыс етілді.

 

ПАВЛОДАР