• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2013

Полицияда пәрмен болмаса, ұрыдан ұят кетеді

360 рет
көрсетілді

Полицияда пәрмен болмаса, ұрыдан ұят кетеді

Сәрсенбі, 3 сәуір 2013 2:24

Бәлкім, барымташылардың бұлай батыл қимылдауына жол полициясы, жалпы ауылдағы учаскелік инспекторлардың бейғамдығы да сеп болып отырған шығар. «Бір жыл ішінде оңтүстікқазақстандық жол полициясы қызметкерлері мал ұрлығына байланысты бір-ақ қылмыстың ашылуына көмегі тиіпті» дейді бұл жөнінде облыс прокуроры Ибрагим Иманов. Одан бөлек бірқатар ауыл округтерінің тұрғындарымен сөйлескенде, олардың көбісі өздеріне бекітілген учаскелік инспекторларды мүлдем танымайтыны белгілі болыпты.

Ұрылардың еркінсіп кеткені сон­шалық Шардара ауданының тұр­ғы­нына тиесілі 40 бас жылқыны жайы­лымнан ұрлап, екі «КамАЗ» көлі­гі­мен сонау Қарағандыға жеткізіп, сатып жіберіпті. Қарағанды қайда, Шардара қайда… Жол-жөнекей еш­қандай тосқауыл болмаған. Сон­дай-ақ, ұрланған малды көршілес аудандарға, тіпті басқа облыстарға ешқандай ветеринарлық төлқұжатсыз тасымалдауға, базарлар мен мал сою орындарына өткізуде де тосқауылдың болмауы бұл қылмыстардың жиілеуіне септігін тигізуде. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы бұл тарапта қадағалауды күшейтіп, ішкі істер саласының жұмысын бір ширатып алды. Мысалы, Түлкібас ауданының прокуратурасы мал ұрлықтарының күрт өсу себептері мен алдын алу, болдырмау және олармен күресуге бағытталған шаралардың пәрменділігіне тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 9 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 20 учаскелік инспектордың әкімшілік аумақтары ауыстырылды. Осындай жұмыстар Қазығұрт ауданында да жүргізілген.Нәтижесінде соңғы айларда 12 қылмыстың беті ашылып, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мал ұрлығы 43 пайызға азайыпты.

Оралхан ДӘУІТ,«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.