• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2019

Даладағы дәріс

371 рет
көрсетілді

Бір жыл бұрын Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағының өкілдігі «Дала семинары» атты қанат­қақты жобаны қолға алып, Ұлан ауданындағы Сібе көлінің жаға­сына бірнеше киіз үй тігіп, мешіт жамағаттары және демалу­шыларды бір дастарқан басына жиып еді.

Осы тағылымды шара биыл да жалғасын тауып, еліміздің әр өңіріндегі дін саласында еңбек етіп жүрген белсенді жастар Ал­тай ауданындағы Серебрянка қала­сының іргесіндегі бұлағы сыл­дырап аққан, айналасы жасыл желекке оранған, бірнеше киіз үй тігілген таудың баурайын­да бас қосты. «Күмісбұлақ (Се­ре­брянка) қаласының ма­ңын­­дағы бұл семинар екінші мәр­те ұйымдастырылып отыр. Биылғы қонақтарымыз Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қар­масының жастар секторына қарасты кілең жас азаматтар. Жастар жылына орай қолға алы­нып отырған шарамыздың тағы бір мақсаты – әр өңірде қор­даланған мәселелерді бірлесе шешу, бірізділікке түсіру. Сон­дай-ақ Шығыстың тұмса таби­ғатын өзге өңірлерге насихаттау», дейді Өскемендегі «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб-имамы Дәулет Тілеуханұлы.

Шара барысында еліміздің түк­пір-түкпірінен келген қонақтар бір-бірімен жақын танысып, пікір алмасып қана қоймай, жасыл желек үстіне жайылған кілемге шығып, қазақ күресінен, өзге де спорт түрлерінен сайысқа түсті. Арасында Өскеменнен ар­­­найы келген Мұратхан Кен­жехан, Дәулетберді Жекей сын­ды ақындардың оқыған өле­ңін тың­дады.  Дала төсіндегі семи­нарға еліміздің әр өңірінен 70-ке жуық жас келіпті. «Мұнда келген жастар таза табиғат құшағында саламатты өмір сүру үшін жұмыс істеп жатса, екінші бір жағынан діни сауатын жетілдіруде. Бүгінгі таңда жастардың дінге бет бұруы өте жақсы деңгейде. Мешіт жа­мағатының 70 пайызын осы жас­тар құрайды. Бірақ олардың бәрі діни сауатты деп айту қиындау. Сондықтан біз осындай шаралар ар­қылы бір-бірімізбен ой бөлісіп, тәжірибе алмасып жатырмыз», дейді Нұр-Сұлтан қалалық дін бас­қармасы жастар ісі секторының меңгерушісі Әді­лет Көпен.

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы