Жұма, 19 сәуір 2013 0:32
Өткен аптада облыстық қаржы полициясы Шымкент қалалық әкімшілігі кадр қызметінің бір бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Ол 2013 жылдың 8 сәуірінде И. деген азаматты ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметіне орналастырамын деген қылмыстық ойын іске асырып, алдау арқылы, алаяқтық жолмен жалпы сомасы 50 мың АҚШ долларын пара ретінде алыпты.

Ал Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық сотының сот отырысының хатшы – бас маманы қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалауды қысқарту үшін судьямен келістіріп беремін (100 мың теңге пара беру арқылы) деген күдікпен ұсталды. Сөйтіп, оның үстінен алаяқтық жасауға оқталу дерегі және мемлекеттік лауазымды қызметті атқарушы адамға пара беруге көмектесу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Әрине, парақордың ақша алу үшін таппайтын айласы жоқ қой. Бірақ, қалай айтсақ та, қарапайым бас маманның біреуді бастық қыламын дегені басқа сыймайтын сияқты. Бас маманның артында басқа біреулердің тұрмағанына кім кепіл?Оралхан ДӘУІТ,«Егемен Қазақстан».Оңтүстік Қазақстан облысы.