• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Шілде, 2019

5 мың қосымша грант иегері оқуды 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастайды — БҒМ

518 рет
көрсетілді

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көп балалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылардан шыққан балаларға қосымша бөлінетін гранттардың нақты қандай мамандықтарға бағытталатыны туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

А. Аймағамбетов қосымша 5 мың грант бөлінетін мамандықтар және басқа да нақтылықтары еңбек нарығының сұранысына орай айқындалатынын айтты. 

«Қосымша гранттарды бөлуге қаражаттар жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті бюджеттерге трансферттермен бағытталады. Және нарықтың сұраныстары мен белгілі бір мамандықтарға қажеттіліктерге орай әрбір өңір бойынша қажетті мамандықтар айқындалатын болады», — деді министр.

Жалпы конкурста грант ала алмаған, көп балалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар тамыз айында жергілікті әкімдіктерге қосымша өтініш беріп, жинаған баллына сәйкес тиісінше грантқа ие бола алады. 

«Барлығы 5 мың грант бөлінеді. Бұл гранттар биыл да бөлінеді, яғни, осы гранттар бойынша оқуға түсетін жастар биылғы 1 қыркүйектен бастап біздің ЖОО-ларда оқуларын бастай алады», — деп нақтылады А. Аймағамбетов.