• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2013

100 миллиард теңгені жымқырған кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

282 рет
көрсетілді

100 миллиард теңгені жымқырған кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сейсенбі, 30 сәуір 2013 2:50

Еліміздің солтүстік өңір­ле­ріндегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны – «Богви» компа­ния­сының басшысы Виктор Богданец артық-кемі жоқ тура 100 млрд. теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын талан-таражға салғанға ұқсайды. Күні кешеге дейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан аймағындағы ең танымал бизнесмендердің бірі саналған ол нағыз таза адам ретінде бағаланып келген екен. Бұл туралы «Экспресс К» газеті хабарлады.

Өткен сәрсенбінің сәтінде облыс қаржы полицейлері «Богви» ЖШС офисіне сау етіп кіріп келіп, оның басшысы Виктор Богданецті тұтқынға алады. Әзірге ол үш тәулікке уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Бизнесменге аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген сипаттағы айып тағылып отыр. Басылым атап өткендей, Қазақстанның ірі астық өндіруші бес компаниясы қатарына кіретін Богданецтің фирмасы көптеген миллиард теңгені құрайтын қа­рызға бекем батып қалған көрінеді.

Бұл істің әлқиссасы мынадай. 2010 жылы «Богви» өзінің сыртқа астық шығару үшін керекті қаражатын Қазақстан Даму банкінен алады. Бастапқыда кәсіпкер осы алған ақшасының пайызын уақытында қайтарып тұрады. Сосын төлеуді бірден тоқтатып тастайды. Сондықтан 2012 жылы «Азық-түлік» ұлттық корпорациясы сотқа «Богвиге» қарсы талап-арыз береді. Ал сот шешімі бойынша кәсіпорынның миллиард теңгеден артық ақша қаражаты сақталған барлық шоттары қамауға алынады. Әзірге қаржы полициясы Виктор Богданецтің нақтылы қанша ақшаны талан-таражға салғанын айтып отырған жоқ. Дегенмен, әлі нақтыланбаған деректерге қарағанда, әңгіме 100 млрд. теңге турасында қозғалып жатқанға ұқсайды. 

Сәкен МАЙЛЫБАЙ.