• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2019

Киіз үйдегі жылжымалы кітапхана

525 рет
көрсетілді

Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова аймақтағы тоғыз лагерьде жаз соңына дейін 9542 бала демалатындығын айтады.

Жалпы, облыста 145 мың баланы жазғы демалыспен қамту қызу жү­ріп жатыр. Демалыс ай­мақтарындағы лагерьлерден бөлек, жалпы білім беру мектептерінің базасында және шатырлы лагерьлерде 96 мың оқушы тынығады. 39 мыңнан астам бала ата-аналарымен бірге басқа аймақтағы сауықтыру орта­лық­тарында ем-дом алса, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отба­сылардың 26 мың баласы жазғы лагерьде 100 пайыз қамтылады.

Әрине, тынығу лагерь­лерінің барлығы талапқа сай деуге болмайды. Біра­зының ғимараты ескі, штат жетіспеушілігі бар. Басқа да шешімін күткен өзекті мәселелер жеткілікті. Бі­лім басқармасы осы ол­қы­­лықтарды жою үшін жұ­мыс істеп жатыр.

Лагерьдегі демалыс суға түсу, күнге қыздырыну, түр­лі үйірмелерге қатысумен біт­­­пейді. Адамның ең үл­кен серігі әрі ақылшысы – кітап. Кей жерлерде ты­нығу орындарының сыйым­ды-л­ы­ғына қарай киіз үй­лер­де жылжымалы кітап­хана орналасыпты. Яғни, балалар тынығумен қатар, білім қорын да молайтып қайтады.

 

Қызылорда облысы