• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Шілде, 2019

Калифорнияда соңғы 25 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды

856 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Калифорния штатында 6 балдық жер сілкінісі болды. Магнитудасы 6,4 баллға дейін жеткен жер сілкінісінің ошағы Лос-Анджелес қаласынан 196 шақырым жерде орналасқан.

Los Angeles Times газетінің жазуынша, бұл – ширек ғасыр ішіндегі Калифорния штатында болған ең жойқын жер сілкінісі. 

Жер сілкінісі ошағы маңында Риджкрест қаласы мен АҚШ Қарулы күштерінің полигоны орналасқан. Зілзалаға байланысты жергілікті ауруханадағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілген. 15 науқас емдеу мекемесіне орналастырылды.  

Соңғы рет балдық қуаты жоғары мұндай зілзала 1994 жылы тіркелген.