Жастар жылын атап өту аясында «Jekpe-Jek» сарайында Елорда күніне арналған жекпе-жек өнерінің гала-фестивалі өтті.
Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.
Жекпе-жек сарайы спортшыларды дайындауға, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған.