• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Шілде, 2019

Нұртас Әжбенов грузиялық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді

513 рет
көрсетілді

Елордадағы кәсіпқой бокс кешінде Нұртас Әжбенов (5-0, 1 КО) грузиялық Ачико Одидадзені (18-10-1, 7 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой бокс қауымдастығы.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 18 рет жеңіске жеткен тәжірибелі боксшыдан басым түсті. Нұртас Әжбенов қарсыласын бірінші раундта құлатты. 24 жастағы Нұртас үшін бұл – мансабындағы алтыншы жеңіс. 

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек «Барыс-Арена» спорт кешеніндегі кәсіпқой бокс кеші аясында өтті.