• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2019

Түркістан облысы аумағындағы №2020 әскери бөліміне жақын маңда өрт болды

268 рет
көрсетілді

Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласынан 120  шақырым жерде,  №2020 әскери бөліміне тақау маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері қабылдаған шаралардың арқасында сағат 22:35- те қызыл жалынның алды алынып,  22-57-де толық сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ үш гектарды құрады.  Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», -  деп атап өтеді комитеттен. 

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22  маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.