• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2019

Семейде жаңа туған перзентке домбыра сыйға тартылды

226 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлттық Домбыра күні аталып өтілуде. Семейде Достық үйінің директоры Надежда Шарова бастаған түрлі ұлт өкілдері қаладағы перинатальдық орталықта болып, жаңа босанған Альмира Рахметжанованың өмірге келген сәбиіне арнап, домбыра сыйға тартты. Оның ұлының салмағы 3.900 болып, 54 см болып аман-есен дүниеге келген екен.

Достық үйінің ұжымы атынан «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Солтүстік-Шығыс өңірі бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев сөз алып, ағалық тілегін, қазақы ықыласын да білдіре келе, өз қолымен қазақтың қасиетті домбырасын ұсынды. Орал Шәріпбаевтың қолынан домбыра алғанына қуанған жас ана ризашылығын білдірді. 

- Біз бұндай шараларды жиі ұйымдастырамыз,-деді мекеме директорының орынбасары Анаргүл Даннанова,-Наурызға, Балаларды қорғау күніне, 8 наурыз, Президент күніне орайластыра құттықтап жатамыз. Бүгін Домбыра күніне орай д арнайы акция ұйымдастырдық. Аналарға сый-сыяпаттар көрсеттік. Альмираның ұлы таңғы 05.40-та дүниеге келеді. Оған баланың төсегін сыйға тарттық. Ұлының денсаулығы құдайға шүкір жақсы. 

Бұл Альмира Рахметжанованың төртінші баласы екен. Ол болашақта ұлының заң саласында қызмет еткенін,  судья болуын қалайды. Сондықтан оған Заңғар деп ат қойыпты. Перинатальды орталық қызметкерлері мен Достық үйінің өкілдері Заңғардың аман-есен үлкен азамат болып өсуін, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуін тіледі.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                   

«Еgemen Qazaqstan»

СЕМЕЙ