• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Шілде, 2019

«Шахмат барлығы үшін» әлеуметтік жобасының тұсауы кесілді

283 рет
көрсетілді

Елордада қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қолдауымен «Шахмат барлығы үшін» атты әлеуметтік жобасының тұсауы кесілді.

Жиынға Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев, Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, БҰҰ Балалар қоры Қазақстандағы өкілі (ЮНИСЕФ) Артур ван Дизен және т.б. қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Шахмат барлығы үшін» жобасын құру – гроссмейстердің Қазақстанда шахмат ойындарын дамытуға жасаған үлкен қадамдарының бірі. Шахматтың қолжетімділігін арттыру еліміздегі бәсекеге қабілетті талантты жастар қатарын арттырумен тең. Шахмат - кейде жеңіске жетіп, кейде жеңіліп немесе уақытша мәмілеге қол жеткізуге болатын өмірдің қысқаша бір үлгісі секілді. Әрбір жеңіс пен жеңілістен қорытынды шығара білу – әрбір адамның бойында сәтсіздікті дұрыс қабылдап, болашақ міндеттерді дұрыс құруға көмектеседі.

Осы мақсатта Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы Қазақстан аумағы бойынша үлкен әлеуметтік жұмыстарды жүргізіп келеді. Шахматшы ару бір мезгілдік ойын сеанстарын, шеберлік сыныптары мен турнирлерді тек елордада ғана емес, Атырау, Атырау, Павлодар, Ақтау, Қызылорда, Шымкент және өзге де өңірлерде өткізді.