• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2019

Үздіктер анықталды

318 рет
көрсетілді

Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімі базасында Қазақстан Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының ұйым­дастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» және «Үздік маман» атты байқаулардың жеңімпаздары анықталды.

«Орталық» өңірлік қолбас­шы­лығының тәрбие және әлеу­меттік-құқықтық жұмыстар (ТжӘҚЖ) басқармасының жос­парына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде мемле­кеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында  өзге этнос өкілдері қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өткізілді.

Екі күнге созылған байқауға Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарас­ты 6 әскери бөлімінен 6 әскери қызметші қатысты. Байқау аясында қатысушылар мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқтала отырып, қазақ тілінде сөз саптап, ойларын көпшілікке жеткізе білді, қазақтың ғұламалары мен батырлары жайында сахналық қойылым көрсетті.

Қазылар алқасы қатысу­шылардың тілді мүмкіндігінше еркін меңгергендігіне, тіл бай­лығына, тіл мәдениетіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін өзі ұстау мәдениетіне, киім кию үл­гілеріне баса мән берді. Со­ны­мен, қазылар алқасының шешімімен бірінші орын Қара­ғанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінің 1 жедел мақ­саттағы батальоны жауынгерлік қам­тамасыз ету взводының аға маманы (топ бастығы), аға сержант Евгений Бердниковке берілді. Сайыс жеңім­пазы мен жүл­дегерлеріне «Орта­лық» өңір­лік қолбасшылығы қол­бас­шысының арнайы дипломдары және бағалы сый­лықтар табысталды.

Оқу-әдістемелік жиынының жалғасы Қостанай облысы әкім­дігінің «Тіл дарын» оқу орта­лығында жалғасты. Өңірден келген тіл мамандары «КазТест» жүйесі бойынша, «Латын әліп­биінің емлесі» тақырыбында және әдістемелік сабақтар өт­кізді. Әдістемелік сабақты өт­кізу барысында жақсы нәтиже көрсеткені үшін 6505 әскери бө­лі­мінің ТжӘҚЖ бөлімше бас­тығының аға көмекшісі, майо­р Шынар Айткенова үздік деп т­анылып, «Орталық» өңірлік қол­басшылығы қолбасшысының бұй­рығымен «Үздік маман» ата­ғына ие болды әрі диплом және ба­ғалы сыйлықпен марапатталды.

Мұратбек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

майор, 6697 әскери бөлімі ТжӘҚЖ бөлімше бастығының аға көмекшісі