12-14 шілде күндері Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді. Халықаралық бәсекеге 85 елден 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ал Қазақстан ұлттық құрамасынан 16 дзюдошы ел намысын қорғайды.
Венгрия татамиінде ерлер арасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов, Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов, Ақылбек Серік (73 кг), Дидар Хамза, Руслан Мусаев (81 кг), Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), Айбек Серікбаев (100 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) белдеседі.
Ал қыздар арасында Анна Казюлина (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Ақниет Тұрдан (63 кг) және Назгүл Маратова (+78 кг) сынға түседі.