Ұлыбритания астанасы – Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирі қазақстандық теннисшілер үшін өз мәресіне жетті. Уимблдонда сынға түсіп жатқан жалғыз үмітіміз – Михаил Кукушкин де жарыстың 1/8 финалында әлемнің сегізінші ракеткасына есе жіберді.
Кукушкин плей-офф кезеңінде Жапонияның жұлдызы – Кеи Нисикоримен кездесіп, төрт сет ойнады. Алғашқы сетте Нисикори 3:6 есебімен басым түскенімен, Михаил екінші сетті өз еншісіне жазды. Есеп – 6:3. Бірақ қалған екі сетте де жапониялық теннисші өзінің мықты екенін дәлелдеп, 3:6, 4:6 нәтижесімен жеңісті жұлып алды.
Осылайша қазақстандық теннисшілер үшін «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі ерте аяқталды. Қыздар арасында сынға түскен Зарина Диас турнирдің алғашқы айналымында сүрінсе, Юлия Путинцева екінші кезеңде жеңілді.