• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2013

Кәсіпорын ашқың келе ме? Кел де, іске кірісе бер!

382 рет
көрсетілді

Кәсіпорын ашқың келе ме? Кел де, іске кірісе бер!

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:17

Бір кездері Шымкент қа­ла­сының даңқын шартарапқа танытып, атағын дүркіреткен «Ши­на» зауытының кейінгі жыл­дары жұмысы тоқтап, күн­нен-күнге тоналып, көз алдымызда жоқ болып бара жатқаны көптің көңіліне кірбің түсіріп жүргені рас еді. Бірнеше мыңдаған жанды жұмыспен қамтып, мұржасы бұрқырап, қазаны қыз-қыз қай­нап жататын зауыттың мұндай мүшкіл халге түсуі қалталы азаматтарды да қатты ойландырса керек. Сөйтіп, осыдан екі жыл бұрын зауыт аумағынан «Ордабасы» индустриялық аймағы ашылған болатын.

 

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:17

Бір кездері Шымкент қа­ла­сының даңқын шартарапқа танытып, атағын дүркіреткен «Ши­на» зауытының кейінгі жыл­дары жұмысы тоқтап, күн­нен-күнге тоналып, көз алдымызда жоқ болып бара жатқаны көптің көңіліне кірбің түсіріп жүргені рас еді. Бірнеше мыңдаған жанды жұмыспен қамтып, мұржасы бұрқырап, қазаны қыз-қыз қай­нап жататын зауыттың мұндай мүшкіл халге түсуі қалталы азаматтарды да қатты ойландырса керек. Сөйтіп, осыдан екі жыл бұрын зауыт аумағынан «Ордабасы» индустриялық аймағы ашылған болатын.

Бүгінде бұл аумақта 30-ға жуық кәсіпорын орналасып, бір­­неше жылдан бері қаңырап бос жатқан ғимараттар кәдеге жарауда. 1250-ге жуық адам осы кәсіпорындардан несібесін тауып, тұрақты жұмыспен қам­тыл­ды. Болашақта бес мыңға дейін адамды тұрақты жұмыспен қам­туға мүмкіндік бар. Аймақ аума­ғында 143 гектар жер телі­мі мен 335 мың шаршы метр өндірістік ғимарат, 33 мың шаршы метр қойма, 5 мың шаршы метр контейнерлік алаң мен 18 мың шаршы метр кеңсе ғима­раты бар. Осының барлығы облыс орталығында Елбасы ерекше тапсырған кәсіпкерліктің қа­рыштап қанат жаюына мол сеп­тігін тигізбек. Бұл Шымкент қа­ласындағы салық түсімін арттырып, бюджеттің бүйірін томпайта түсері даусыз. Ал бюджет қар­жысы көбейсе халықтың кө­кейін мазалаған көптеген мәсе­ле­­лер оңынан шешілетіні түсінікті.Бұл аймақта кәсібін дөң­ге­лет­кісі келген кәсіпкерлер үшін жа­ңадан инфрақұрылым, өнді­ріс­тік, кеңсе ғимараттарын, қой­ма, темір жол тұйығы секілді аса қа­жет нысандарды салудың қажеті жоқ. Олар дайын. Тек кәсіп­орын­ға қажетті құрал-жаб­дықтарды орнатса болғаны. Кә­сіпорын аш­қың келеді ме, идея бар ма, пай­да­лан да, кедергісіз іске кірісе бер.Тағы бір айта кетерлігі, мұн­да коммуналдық қызмет­тердің барлық түрі, мейлі, ол су, газ, жарық болсын, қаладағы тарифтен 30 пайызға төмен екен. Осы­ның арқасында аймаққа жа­қын аумақта қосымша 37 кә­сіпорын іске қосылыпты. Онда да мыңнан астам адам тұрақ­ты жұмыспен қамтылған.«Индустриялық аймақтың жұ­­мысын жүргізу, жандандыру мақсатында бірнеше шет мем­лекеттердің тәжірибесімен танысып қайттым. Соның ішінде Түркияның тәсілі көңіліме қо­ным­ды болды. Онда да тура біздікіндей әдісті қолданады. Тек олардағы іске асырылып жат­қан мегажобалардың көлемі өте үл­кен. Жақын болашақта түркия­лық OSTIM корпорациясымен бірлескен жобаны, яғни қазақ-түрік аймақтық өндірістік орта­лығын құру жоспарда бар. Атал­ған корпорация Түркиямен қатар Египет, Ирак және Оң­түстік-шығыс Азия, Солтүстік Африка мемлекеттеріндегі ин­дустриялық аймақтарды мей­лін­ше дамытуға қол жеткізген ірі орталық. Анкара қаласының өзіндегі аймақта ғана 5 мыңнан астам кәсіпорын он­даған мың өнім түрлерін шы­ғарып жатыр», дейді «Индус­трия­­­­лық аймақ «Ордабасы» ЖШС-нің директоры Нұрғазы Бұхарбаев.Бүгінде бұл зауыт аумағынан 30-ға жуық өнім түрі шыға­ры­лады. Олардың арасында түрлі құрылыс заттары, су мен көгіл­дір отынға арналған пластик құбырлар, электр үнемдегіш лам­палар, тұрмыстық сабын, жүк және жеңіл автокөліктердің алдыңғы терезелері, пластик терезелер, мотор майы және басқа да өнімдер шығарылуда. Мә­селен, алинекс шығаратын «Alina Trade» ЖШС айына 40 вагон өнім шығарып жатыр. Бұ­дан бөлек 5 гектар жерге жылыжай орналастырылған.Жалпы алғанда облыс ин­дус­­трияландыру картасы аясында 2015 жылға дейін 111 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы 27 жоба іске қо­сылып, 1820  жұмыс орны ашыл­­­­­ды. Ал, жыл соңында тағы 2 жоба іске қосылып, 355 адам жұмыспен қамтылды. Карта аясында іске қосылған кәсіп­орын­дар 14,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Әрине, «Ордабасы» индустриялық аймағы кешегі «Шина» зауытының кезіндегі­дей жұмысшысы сапырылысып, іші құж-құж қайнап жатпаса да әйтеуір бір тіршіліктің нышаны бар. Және ол енді-енді шым-шымдап қайнап келе жатқан тіршілік. Ірі кәсіпкерлерге кең жол ашқан бұл аймақтың бола­шағы әлі алда екені айдан анық.Оралхан ДӘУІТ,«Егемен Қазақстан».ШЫМКЕНТ.