• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2019

Арыста деподан шыққан өрт сөндірілді- ТЖК

277 рет
көрсетілді

Арыс қаласындағы жөндеу-эксплуатация депосынан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдай комитеті хабарлады.

«Қызыл жалын жалпы аумағы 2040 шаршы метрді қамтыған. Оны сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдай комитетінің жеке құрамынан 41 қызметкер мен 10 техника тартылды. Стансаның 8 қызметкері де жалынды ауыздықтауға атсалысты. Өрт сағат 16.45-те сөндірілді», делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы теміржол депосының ТЧЭ 32 цехында өрт шыққан болатын.