• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2019

Ақтөбеде «Отбасын сақтау» орталығы ашылды

867 рет
көрсетілді

Ақтөбеде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінің жанында «Отбасын сақтау» орталығы ашылды. Аталған әлеуметтік құрылым Жоғарғы соттың «Отбасылық сот» атты қанатқақты жобасы аясында құрылды. Мақсат – өңірде үлгілі және өнегелі отбасылардың қатарын өсіру.

Орталық мамандары отбасы құнды­лық­тарын алға тарта отырып, ажы­расу кезеңінде әрі-сәрі жүрген ерлі-за­йыптыларға моральдық және пси­хологиялық көмек көрсетуді көздейді. Олар­дың арасындағы әртүрлі түсі­ніс­пеу­шілік пен келіспеушіліктерді еңсеруді, қажетті көмек көрсетуді мұрат тұтады. Ақтөбе қалалық соты­ның судьясы Айгүл Абдуллинаның ай­туынша, бұл орталық неке бұзу үде­ріс­­терінің төмендеуіне, ең бастысы отба­сы­ның сақталуына тиісті ықпалын тигізбек.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар­дың құқығын қорғау мен олардың то­лық отбасында тәрбиеленуі үшін бағыт-бағдар беру ісі де орталық қыз­мет­керлерінің еншісіне тиіп отыр. Мұндай орталықтың қажеттілігі төмендегі деректерден айқын көрінеді. Айталық, 2018 жылдың 4 айында Ақтөбе қаласы бойынша некені бұзу мен ажырасу үшін сотқа 1002 талап арыз түссе, бұл сан биыл осы кезеңде 1264-ке өскен. Оның бірқатарына тиісті шешім шығарылса, біразы екі тараптың татуласуына байланысты тоқтатылған. Бір жақсысы, оң қадамға барғандар қатары өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. 

Әйтсе де облыс орталығында ажырасу көріністері көбейіп отырғаны қын­жылт­пай қоймайды. Осындай жағ­дайда отбасын сақтау орталығы келең­сіз көріністі болдырмау мен ерлі-зайып­ты­лардың басын қайтадан қосу бағытында елеулі рөл атқарары анық.