Соңғы 5 жылда балық өнімдерінің экспортының көлемі 9 есеге артты. 2018 жылы облыстан 3804 тонна балық өнімдері экспортталса, осы жылдың 6 айында экспорт көлемі 2406,5 тоннаны құрады. Балық өнімдерін Ресей, Польша, Голландия, Украина, Әзірбайжан, Қытай елдеріне экспорттауда.
Қамбашта өткен балықшылар слетінде мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының Құрметті азаматы Құдайберген Саржанов:
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр еліне сапарында Арал теңізіне көңіл аударатынын айтты. Келешек Аралдың жағдайы жақсы. Ол үшін біз қолымыздан келген көмегімізді көрсетуіміз керек. Облыс басшыларының арқасында аталмыш слет 5-рет өткізіліп отыр. Сондай-ақ облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Арал теңізінің күні де 2 рет аталып өтті. Мұның бәрі - Аралдың қасіретіне әлемнің назарын аударту деген сөз. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр, мұндай слеттің аналогы жоқ» деді.