• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2019

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті

505 рет
көрсетілді

Маусымдағы мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен облыстық спартакиада екі ай бойы жалғасып, бүгінде өз мәресіне жеткен болатын.

Спорттың 10 түрінен өткен шараға 300-ден астам мемлекеттік қызметшілер қатысты. Гір көтеру, қол күресі, шағын футбол, баскетбол, қазақ күресі, волейбол, үлкен теннис және үстел теннисі, шахмат, дойбыдан өткен сайыс мықтыларды анықтады. 

Кең көлемде өткен шараға бірнеше команда белсенділік танытып, аудан-қалалардан әкімдік, сот органдары, аумақтық департамент және т.б. мемлекеттік органдардан қатысты.

Айта кету керек, спартакиада қорытындысы бойынша жалпы ұпай нәтижесімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің командасы І орынды иеленді. ІІ орынға Ақтау қаласы әкімдігі ие болса, баскетбол, волейбол және шағын футболдан жақсы нәтижелерге қол жеткізіп ІІІ орынды Маңғыстау облыстық соты қанжығасына байлады.

Маңғыстау облысы