• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Шілде, 2019

Әйелдер арасында волейболдан жарыс жеңімпаздары анықталды

413 рет
көрсетілді

«Маңғыстау - Арена» спорт кешенінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні аясындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада шеңберінде әйелдер волейболынан жарыстар аяқталды.

Жарысқа қатысушы 8 команданың арасында топ жарып бірінші жүлделі орынға Маңғыстау облыстық соты ие болса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен «Қызмет» командасы екінші орын алды, ал үшінші жүлделі орын Маңғыстау облысының қазынашылық департаментінің еншісіне тиді. Жүлдегерлерге медальдар және кубоктар табыс етілді.

Бұдан басқа «Үздік ойыншы» номинациясында қазынашылық департаменті командасының өкілі Назым Сейлханова, «Қызмет» командасының ойыншысы Динара Жұмадилова және облыстық сот командасының өкілі Фариза Қазбекқызы үздік атанып, мадақтама хаттарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тек салауатты өмір-салты ғана емес, жалпы қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған осындай спорттық бұқаралық шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.