Бұл туралы Қ. Тоқаев твиттер парақшасында жазды.
«ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», деп жазды Президент.