• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2019

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы ұсынған жобалар жүзеге аспаған

393 рет
көрсетілді

Елімізде қарапайым заттар экономикасын дамытуға 600 млрд теңгедей қаражат бөлінгені белгілі. Өңірімізде құны 801,9 миллион теңге тұратын 7 жоба мақұлданып, оның 5-уі қаржыландырылыпты. Ал, 25 жоба бойынша кәсіпкерлер банктерге өткізетін құжаттарын жинақтау үстінде. Бірақ, жұмыс баяу.

- Халық тұтынатын тауарлар өндірісін қолдауға жағдай жасалуда. Жобалық кеңсе де аштық. Жобалардың көбі шикі. Бірақ, ешқандай нәтиже көрінбейді, - деді облыс әкімі Болат Бақауов әкімдіктегі жиында.

Әкім айтқан, жобалық кеңсе - Кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында ашылған. Бұған дейін палата ұсынған 16 жобаның ешқайсысы жүзеге аспаған. Ал, палата тарапынан халық тұтынатын тауарлар өндірісін қолдауға өңірде 4 мыңнан астам кәсіпорын іріктеліп алынса, олардың 700-і қатысуға белсенді көрінеді.

Сонымен бірге,  аудан-қала әкімдіктерінің де жұмысында ширақтық байқалмайды.  Тіпті, өндірісі Ақсу қаласының өзінде  іліп алар жоба жоқ.

Ал, облыс  орталығы іргесіндегі азық-түлік белдеуі саналатын Павлодар аудынында бар-жоғы 4 жоба ұсынылыпты.

Жобалар  жүзеге  асуы  үшін енді кәсіпкерлердің  фокус-топтары құрылып, қарапайым заттар экономикасын дамытуға арналған бағдарлама туралы түсіндірілмек.