• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанға арыстық 48 бала демалуға келді

277 рет
көрсетілді

Түркістан облысының балдырғандары бір ай бойы Қызылжар өңірінің көрікті жерлерін аралап, сауықтыру лагерінде демалатын болады.

Арыс қаласының балаларын солтүстікқазақстандықтар әуезді әнмен, күмбірлеген күймен қарсы алды. 6 мен 13 жас аралығындағы оқушылар жазғы демалыстарының бір айын Солтүстік Қазақстанда өткізетін болады.

Облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі Ғалия  Ілиясованың айтуынша,  жазғы демалысты қызықты өткізу үшін арнайы бағдарлама әзірленіпті. Яғни, оқушылар экскурсияға шығып, облыстың тарихи-өлкетану мұражайын, «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешенін,  орталық саябақты, аквапаркті, киелі орындарды  аралайды.

Балдырғандар Мағжан еліне бірінші рет келіп отырғандарына қарамастан жылы жүзді қауышуларға дән риза.

48 бала «Алтын күз» сауықтыру лагеріне орналастырылды. Мұнда олардың емін-еркін тынығуына, әр күнін мазмұнды өткізуіне  барлық жағдай жасалған.