• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда SCADA жүйесі енгізілді

656 рет
көрсетілді

180 миллион теңгеден астам қаржы бағыттаудың нәтижесінде «Солтүстік Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» акционерлік қоғамы бұдан былай SCADA жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады.

Жаңашылдық бірқатар аудан мен Петропавл қаласындағы станцияларда қолданылады. Ең бастысы, ақаулар орын алған кезде тезірек анықтауға, тұрғындарды жарықсыз қалдырмауға мүмкіндік береді.

SCADA жүйесін қолданысқа енгізу  2008 жылы басталып, 3 кезеңмен жүргізілген. Алдымен  158 қосалқы станцияға қажетті қондырғылар орнатылған. Кейін байланыс каналдары жаңғыртылған.

«Солтүстік Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның бас директоры Анатолий Казановскийдің  сөзіне қарағанда, кешенді жүйе орын алған ақауларды тез арада реттеуге септеседі. Мәселен, қосалқы станцияның бірінде жұмыс тоқтап қалса, орталықтағы диспетчерлерге хабар  бар-жоғы 60 секундтың ішінде келіп түседі. Яғни, дәл осы уақытта белгілі бір ауданның тұрғындары жарықсыз қалды дегенді білдіреді. Диспетчер өз кезегінде жүйенің көмегімен  резервті станцияны іске қосып, уақытша электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.

Қазіргі таңда компания мен жергілікті университет бірлескен жоба әзірлеуде. Ондағы мақсат – студенттерді  мамандыққа 1-ші курстан бастап бейімдеу, өндірістік тәжірибеге тарту. Сонда дипломды білікті маман болып шығады. Әсіресе, ақпараттық технологиялар мамандығында оқитын студенттер үшін бұл бағдарлама  қызықты әрі пайдалы болмақ.