• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Шілде, 2019

2018 жылы ел экономикасына 11179 млрд теңге қаражат жұмсалды

2018 жылы еліміздің экономикасына 11179 млрд теңге қаражат жұмсалды. Бұл 2017 жылғы деңгейден 17,5% - ға жоғары. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылы машиналар, жабдықтар, көлік құралдар, саймандарды алуға және олардың күрделі жөндеуіне 3597,5 млрд теңге бағытталған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14,9%-ға жоғары.

Инвестициялау үшін басым салалар  кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (40,2%), көлік және қоймалау (13%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12,6%) және өндеу өнеркәсібі (11,1%) болып табылады.

Соңғы жаңалықтар