• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2013

Сабақты ине сәтімен Ақтоғай кен орнын игеру басталды

535 рет
көрсетілді

Сабақты ине сәтімен Ақтоғай кен орнын игеру басталды

Сейсенбі, 28 мамыр 2013 2:18

Қойнауы қазба байлыққа толы Шығыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі Ақтоғай мыс кенішін ел игілігіне жарату мақсатында қазіргі таңда даярлық жұмыстары қарқын алып, белсенді түрде басталып кетті. Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2012 жылдың желтоқсан айында Қазақмыс тобының Директорлар кеңесі аталмыш кен орнын игерудің техникалық-экономикалық негіздемесін бекіткен болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, 2015 жылы тотықтанған кеннен алғашқы өнім шығарылады. Ал одан кейінгі келер келесі жылы сульфидті кеннен өнім алынып, мәрелі меже бағындырылады. Жалпы, кенішті пайдалану мерзімі 50 жылдан асып жығылады. Осындай биік белесті бағындыруға бұл жоба бойынша жұмсалатын капиталдың шығыс мөлшері шамамен 1,9 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Сейсенбі, 28 мамыр 2013 2:18

Қойнауы қазба байлыққа толы Шығыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі Ақтоғай мыс кенішін ел игілігіне жарату мақсатында қазіргі таңда даярлық жұмыстары қарқын алып, белсенді түрде басталып кетті. Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2012 жылдың желтоқсан айында Қазақмыс тобының Директорлар кеңесі аталмыш кен орнын игерудің техникалық-экономикалық негіздемесін бекіткен болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, 2015 жылы тотықтанған кеннен алғашқы өнім шығарылады. Ал одан кейінгі келер келесі жылы сульфидті кеннен өнім алынып, мәрелі меже бағындырылады. Жалпы, кенішті пайдалану мерзімі 50 жылдан асып жығылады. Осындай биік белесті бағындыруға бұл жоба бойынша жұмсалатын капиталдың шығыс мөлшері шамамен 1,9 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Айтпақшы, Ақтоғайдағы кен қорын барлауға байланысты маңызды шаралар өткен ғасырдың 1974 жылы басталды. Барынша терең барлау-іздестіру жұмыстарының арқасында кеніштің келешегі кемел екендігі айқындалды. Сол кездегі КСРО Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия 1980 жылы кеніштің қатпарының қалыңдығын растап, ондағы қордың жіктелуін бірден бекітті. Алайда Ақтоғайдың ен байлығы түрлі себептермен халық кәдесіне жаратылмай біраз уақыт жатып қалды.Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, етек-жеңімізді жинаған кезеңде кеніштің келешегі күн тәртібіне қайта қойылып, жұлдызы жанды. Және де кенге қажеттілік артты. Өндіріс өрге өрлеп, еңбек көрігі қызды.Иә, сабақты ине сәтімен демекші, 2004 жылы жер қойнауын пайдалану құқы­ғы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға берілді. Сенімді қолға өтіп, бағы ашылды. Осы арада «Қазақмыс корпорациясы» туралы сөз айтпай кету әбден әбес болар еді. Оның республикадағы мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар. Табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылатындығы да әмбеге аян.Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикасына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алдыңғы қатарлы алпауыт кәсіпорынның жұмысы әрдайым жоғары бағаланады. Кен өндіруден бас­тап мыс ширатпасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған компания 2012 жылы 292 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірді. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды темір жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген.2012 жылы Қазақмыс 152 мың тонна мырыш концентратын шығарды. Топ әлемдегі ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі ретінде былтыр 12,6 млн. унция күміс өндірді. Сондай-ақ, бірі Екібастұз ГРЭС-1 көмір электр станциясының 50 пайыздық үлесіне ие. Қазіргі кезде электр стансасының өндірістік қуаттылығын 3 000 МВт-дан 4 000 МВт-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жаңғырту бағдарламасы қолға алынған.Қазақмыс тобы Лондон қор биржасы мен Гонконг қор биржасындағы айналымға кіреді. Өткен жылы топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,4 млрд. АҚШ долларын, ал сегменттік EBITDA көрсеткіші 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 60 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Міне, алып кәсіпорынның қарауына өткен Ақтоғай кенішінің екінші тынысы ашылып, келешектегі тірлігінің іргетасы қаланды. Жаңадан жұмыс орындарының жасақталуына түрткі болып, жергілікті елді мекендердің тұрғындарының әлеуметтік-мәдени өміріне де өзгеше леп беріп, соны серпін танытады. Қысқаша айтқанда, өңірдің өн бойына қан жүгіртеді.Сөйтіп, қайталап жүргізілген барлау жұмыстарының, металлургиялық сынақтардың және инженерлік зерт­теулердің нәтижесінде кен орнында көптеген мәселені кеңінен қамтитын инфрақұрылым қалыптаса бастады. Маневрлік парк пен Ақтоғай кентінен өндіріс алаңына дейін ұзындығы 21 шақырым теміржол тармағы тартылып, жалпы жүк көтеру қуаты 100 тонналық порталды шығырандар орнатылып, кенішке апаратын негізгі жол төселіп, 60 адамға шақталған вахталық кент, 3 қойма және инженерлік жүйелер құрылды. Жарық беру үшін Қарағанды мен Ақтоғай кенті арасында ұзындығы 720 шақырым құрайтын ӘЖ 220 кВт электр тарату желісі іске қосылды.Өндіріс алаңына уақытша нысандар тұрғызуға құрылыс материалдары мен саналуан техникалар да жеткізілді. Алаң аумағында электр желілік және жер-қа­зу жұмыстары, карьерге апаратын жол құрылысы да жүргізілуде. Жыл соңына қарай негізгі тау-кен өндіру мәшинелері мен құрылғылар да әкелінеді.Аталған жобада ТМД елдеріндегі кен байыту өндірісінде қолданылатын ірі ауқымды озық жабдықтар пайдаланылмақ. Ақтоғайдың кен байытушылары конусты уатқыштарда, жартылай өздігінен уататын үгіткіштерде және болат шарлы үгіткіштерде жұмыс істеп, өнімділікті еселеп арттырады. Бұл жабдықтардың барлығы дерлік редукторсыз жетекпен жарақтандырылады. Ал жақсы жарақтандырылған құрылғымен еңбек ету қашанда алға қарай жетелейді. Ақтоғай жобасының негізгі құрылыс жұмыстарына 3 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланған. Құрылыс аяқталып, өндірісті пайдалану кезінде онда шамамен 1 мың 500 жұмыскер нәпақаларын табады. Операциялық команда 2015 жылдың күзіне таман толық жинақталып, жұмыс үдерісін үдетеді. Кәсіби мамандар мен жабдықтарды жеткізуші компаниялардың өкілдері барлық қызметкерлерді қауіпсіздік техникасының стандарттары мен іс-жосықтары бойынша көп нәрсені оқытып үйретті. Тұрмыс көңілді болса, жұмыс өнімді болады деген қағиданы бек ұстанған компания басшылығы қызметкерлердің қазіргі заманғы жатақханаларда тұруын жан-жақты ойластырып, оның озық үлгіде болуын кесіп-пішті. Сондай-ақ, спорт алаңдарының да құрылысын салу көзделген. Шынықсаң шымыр боласың – осыны басты мақсат тұтқан компанияның бұдан ұтары әрине көп.Ақтоғай жобасын қаржыландыру үшін 2011 жылдың желтоқсан айында Қытай Мемлекеттік даму банкімен 1,5 млрд. АҚШ доллары сомасындағы несиелік желі бойынша келісім жасалды.– Негізгі өркендеу жобаларымыз Боз­шакөл мен Ақтоғай – Қазақмыс тобы стратегиясының басты діңгегі. Сондықтан біз жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын мұқият қадағалаймыз. Таяуда Ақтоғайда ауқымды құрылыс жұмыстары басталады. Біз құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан Бозшакөлдің тәжірибесін енді осында пайдаланып, атқарылатын жұмыстың тиімділігін арттырамыз, – деді өз сөзінде Қазақмыс тобының басқарушы бас директоры Олег Новачук.Жұмыс істеудің ұтымды жағына ұмтыл­ған, жаңашылдықтың үздік үлгісін қамтыған Ақтоғай кенішінің қазаны бұрқ-сарқ қайнап таситын күні де алыс емес. Лайым солай болғай.

Марат АҚҚҰЛ,«Егемен Қазақстан».