• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2019

Арыстағы 150 бала Жаңақорғанда демалып жатыр

391 рет
көрсетілді

Арыс қаласындағы 150 бала Жаңақорған ауданындағы «Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығына» тегін демалуға келді.

Балалар жаңа оқу жылы басталғанға дейін психологиялық тренинг, экскурсия, түрлі үйірмелерге қатысады. Олар 20 күн бойы лагерьде демалатын болады.

Арыстағы жағдай республикамыздағы барша жұрттың басын бір арнаға біріктірді. Қайырымдылық – қазақтың қанына тән қасиет. Лагерьде жарылыстардан психикалық шок алып қалған балаларға барынша жағдай жасалуда. Оны демалыс орнына келген балалар жақсы сезініп жатыр.

Қызылорда облысы